Мексика билігі Гуанахуато штатында полицейлердің денесі салынған қап табылғанын хабарлады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Мексика билігі Гуанахуато штатында полицейлердің денесі салынған қап табылғанын хабарлады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін белгісіз топ Вильяграна қаласының полиция бөліміне шабуыл жасап, полицейлерді тұтқынға алған еді.
"Жұмада табылған адам денелері сәрсенбіде Вильяграна қаласының полиция бөліміне жасалған шабуылдан кейін белгісіз топтың тұтқынына түскен офицерлерге тиесілі, - деді штаттың қауіпсіздік мәселесі бойынша комиссары София Уэтт Лопес.
Комиссардың сөзінше, сәрсенбіде жасалған шабуылға кімдердің жауапты екені белгісіз. Күш құрылымына шабуыл кезінде үш тәртіп сақшысы қаза тауып, судья мен төрт полицей тұтқынға алынған. Кейін шабуылдағандар судьяны тұтқыннан босатқан болатын.