Мексикада қылмыскерлердің тұтқынында болған полицейлердің денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексикада қылмыскерлердің тұтқынында болған полицейлердің денесі табылды © РИА Новости

Мексика билігі Гуанахуато штатында полицейлердің денесі салынған қап табылғанын хабарлады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексика билігі Гуанахуато штатында полицейлердің денесі салынған қап табылғанын хабарлады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін белгісіз топ Вильяграна қаласының полиция бөліміне шабуыл жасап, полицейлерді тұтқынға алған еді.

"Жұмада табылған адам денелері сәрсенбіде Вильяграна қаласының полиция бөліміне жасалған шабуылдан кейін белгісіз топтың тұтқынына түскен офицерлерге тиесілі, - деді штаттың қауіпсіздік мәселесі бойынша комиссары София Уэтт Лопес. 

Комиссардың сөзінше, сәрсенбіде жасалған шабуылға кімдердің жауапты екені белгісіз. Күш құрылымына шабуыл кезінде үш тәртіп сақшысы қаза тауып, судья мен төрт полицей тұтқынға алынған. Кейін шабуылдағандар судьяны тұтқыннан босатқан болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети