30 мамыр 2019 10:58

Мексикада ірі жол апаты салдарынан 20 адам қаза тапты

© twitter.com/pixelperiodismo

Мексикада жол-көлік оқиғасы салдарынан кемінде 20 адам қаза тапты және тағы 18 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексикада жол-көлік оқиғасы салдарынан кемінде 20 адам қаза тапты және тағы 18 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті Proceso басылымының мәліметінше, Веракрус штатындағы тасжолда жүк көлігі автобуспен соқтығысқан. Қоғамдық көлік салонында құдайға сыйынуға бара жатқан адамдар болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің тежегіші істен шыққан болуы мүмкін. 

Реклама
Реклама

Соққының ауыр болғаны сондай, автобус жолдан ұшып кетіп, аударылып артынша өртенген. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram