Мектеп мұғалімі 1 қыркүйекте оқушыларға шығыс биін билеп берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектеп мұғалімі 1 қыркүйекте оқушыларға шығыс биін билеп берген © "АиФ-Хабаровск"

Хабаровскідегі № 76 мектеп педагогі 1 қыркүйекте оқушылар алдында шығыс биін билеген. Видеоны "АиФ-Хабаровск" жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабаровскідегі № 76 мектеп педагогі 1 қыркүйекте оқушылар алдында шығыс биін билеген. Видеоны "АиФ-Хабаровск" жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті білім басқармасы мектеп директоры мен қызметкерлеріне қатысты тексерісті бастап кеткен. Ведомство өкілдері кешірім сұрап, шығыс биін билеу мұғалімнің бастамасы болғанын айтады. 

"Мектептің тәрбиелік жұмысы күмән тудырды. Білім басқармасы мұндай жағдай қабылдауға келмейді деп санайды", - дейді басқарма өкілдері. 

Бұл жағдайға байланысты дау туып кеткеннен кейін мұғалім кешірім сұраған. Оның сөзінше, күн түсіп тұрғандықтан мұғалімнің іші ашық секілді көрінген, ал шын мәнінде ол жабық костюм болған екен.   

"Бұл әрекетім арқылы бақыт құсын көрсеттім, ешкімді ренжіткім келген жоқ", - дейді Юлия Марченко.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети