Дәрігерлер Ресейдің Пермь өлкесінде орналасқан мектептердің бірінде болған төтенше жағдайдан зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Дәрігерлер Ресейдің Пермь өлкесінде орналасқан мектептердің бірінде болған төтенше жағдайдан зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
№ 4 қалалық ауруханадағылардың мәліметінше, қанды қырғын кезінде зардап шеккен мұғалім есін жиды.
"Зардап шеккен мұғалім есін жиды. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Әзірше жансақтау бөлімінде жата тұрады", - деп хабарлады дәрігерлер.
Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық қажетті көмектің көрсетіліп жатқаны айтылады.
Осыған дейін №4 қалалық аурухананың дәрігері Андрей Ронзи зардап шеккен оқушылардың бірінің қан-тамыр хирургиясы бөліміне ауыстырылғанын айтқан еді.
Тағы тоғыз мектеп оқушысы клиникалық балалар ауруханасына жеткізілді. Олардың жағдайы орташа деп бағаланып отыр. "Тағы бір бала жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Бірақ оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ", - деп түсіндірді ведомстводағылар.
Еске сала кетейік, кеше бетперде киген екі адамның мектепте сегіз бала мен мұғалімді пышақтағаны хабарланған еді. Оқиға №127 мектепте жергілікті уақыт бойынша сағат 10.19-да болған.