Мектепте оқ жаудырған жеткіншек екі інісі мен мұғалімін атып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектепте оқ жаудырған жеткіншек екі інісі мен мұғалімін атып өлтірді © Nationalpost.com

Ла-Лош қаласындағы мектепте оқ жаудырған канадалық жеткіншек өзінің екі інісі мен қала әкімшілігі басшысының мұғалім болып жұмыс істейтін қызын атып өлтірді, - деп хабарлайды National Post басылымы. Бұл туралы тілшілерге қаза тапқан қыздың әкесі, қала мэрі Кевин Жанвье айтып берді.

"Ол өзінің екі інісін үйінде өлтіріп, кейін мектепке барған", - деді қала басшысы. Мектепке келген оқушы оқ атып, тағы екі адамды өлтірген. Олардың арасында 23 жастағы мұғалім Мари Жанвье де бар. Төртінші адам туралы ақпарат жоқ.

Қаза тапқан мұғалім. © Facebook.

Айта кетейік, атыс салдарынан тағы екі адам жарақат алды. Олар ауыр күйде ауруханаға жеткізілді. Атысты ұйымдастырған жеткіншек мектеп маңында ұсталды. Оның мұндай әрекетке қандай мақсатта барғаны белгісіз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети