Мелания Трамп күйеуімен қашан ажырасатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мелания Трамп күйеуімен қашан ажырасатыны белгілі болды Дональд және Меланья Трамп. Фото © РИА Новости

АҚШ президенті Дональд Трамптың жұбайы Мелания күйеуінің өкілеттігі аяқталғанын күтіп отырғанын, кейін ажырасуға өтініш беретіні туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Дональд Трамптың жұбайы Мелания күйеуінің өкілеттігі аяқталғанын күтіп отырғанын, кейін ажырасуға өтініш беретіні туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты ұлыбританиялық Daily Mail басылымы АҚШ-тың бірінші ханымының бұрынғы көмекшілеріне сілтеме жасап хабарлаған.

Олардың мәліметінше, жұбайлар әлі күнге дейін ажыраспаған. Себебі, Мелания Трамп мұндай әрекетке барса, оның салдары болады-мыс.

"Мелания оның қызметтен кеткенін күтіп отыр. Кейін ол ажыраса алады. (...) Егер Мелания кемсітуге төтеп беріп, Трамп билікте болған кезде одан кетіп қалса, ол оны жазалаудың әдісін табар еді", - дейді басылымға Омаростың бұрынғы көмекшілерінің бірі Маниголт-Ньюман.

Бірінші ханымның тағы бір бұрынғы көмекшісі Стефани Волкоффтың айтуынша, Трамптың Меланияға үйленуі келісім негізінде болған. Тіпті, ерлі-зайыптылар бөлек бөлмеде ұйықтаған. Стефани Волкоффтың пікірінше, Бірінші ханым Нью-Йорктен Вашингтонға инаугурациядан кейін 5 айдан соң көшкен. Ол некеден кейінгі келісім туралы келіссөздерге байланысты болған. Себебі, президент Барронның ұлы мұрадағы өз үлесін алуы керек болыпты.

Материалда Мелания Трамптың жұбайымен тамаша қарым-қатынасы туралы бірнеше рет айтылған. Алайда адвокат Кристина Приваттың пікірінше, Меланияға күйеуін БАҚ-та неке шартының талаптары бойынша сынауға тыйым салынуы мүмкін.

Сонымен қатар, Трамп екінші әйелі Марла Мейплспен де осындай келісімге келген. Оған бұрынғы әйелі туралы кітап жазуға немесе сұхбатында ол туралы жағымсыз пікір айтуға тыйым салынған.

2005 жылдың қаңтарында Дональд пен Мелания Трамп отбасын құрған, ал бір жылдан кейін олардың ұлы Баррон дүниеге келген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети