Мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталған Порошенко Украинаға оралды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталған Порошенко Украинаға оралды Фото ©REUTERS

Мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған Украинаның экс-президенті Петр Порошенко мінген ұшақ 17 қаңтарда Киевке қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған Украинаның экс-президенті Петр Порошенко мінген ұшақ 17 қаңтарда Киевке қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

Оны қолдайтын саясаткерлер, журналистер мен белсенділер елдің бесінші президентін Киев әуежайында қарсы алғаны хабарланды.

Порошенко шекара бекетінде журналистерге берген сұхбатында оны елге жібермеуге тырысқандарын айтты.

"Олар жеке басыңды анықтаймыз деп төлқұжатымды алып біраз уақыттан кейін берді. Порошенко екеніме күмәнданды, төлқұжатымды 15 минуттан аса уақыт тексеріп, елге кіруге рұқсат бермеу сценарийін әзірледі. Олар бізді қатты күтті, себебі бізден қатты қорқады және оппозицияға қысым көрсету үшін қауіпсіздік күштеріне заңсыз нұсқаулар береді", - деді Порошенко.

Еске салайық, Порошенко мемлекетке опасыздық жасады және көмір контрабандасы бойынша лаңкестікті қаржыландырды деген күдікке ілінген болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, экс-президент президенттік өкілеттікті пайдалана отырып, Оңтүстік Африкадан Украинаға көмір жеткізуді тоқтату туралы тапсырма берген.

Содан кейін ол Ресей өкілдерінің өтініші бойынша Донбасстың оккупацияланған аумақтарынан көмір жеткізу туралы келісімшарттарға қол қоюды ұйымдастырған.

Киевтің Печерск аудандық соты Порошенкоға қатысты бұлтартпау шарасын сайлау үшін жиналыс белгіледі. Сот отырысы 17 қаңтарда басталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети