“Мен босспын“: Трамп G7 отырысына кешігіп келіп, лидерлерді күлдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Мен босспын“: Трамп G7 отырысына кешігіп келіп, лидерлерді күлдірді Фото: instagram.com/whitehouse

АҚШ президенті Дональд Трамп Францияда өткен G7 саммитінің жұмыс отырысына соңғы болып кіріп, лидерлерді күлдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


АҚШ президенті Дональд Трамп Францияда өткен G7 саммитінің жұмыс отырысына соңғы болып кіріп, лидерлерді күлдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол залға ең соңғы болып кіріп, өз орнына бара жатып: "Мен босспын" деді. Бейнежазбада Трамптың сөзінен кейін кездесуге қатысушылардың күлгені көрінеді. АҚШ президентінің өзі де жымиып, үстел басындағы Франция президенті Эммануэль Макронның қасына отырды.


Оқиға 17 маусымда, Францияның Эвиан-ле-Бен курорттық қаласында өткен "Үлкен жетілік" саммитінің қорытынды күнінде болды.

Associated Press агенттігі мәліметінше, америкалық президенттің қасында Эммануэль Макрон мен Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер отырды. Сондай-ақ кадрлардан Германия канцлері Фридрих Мерцті, Италия премьер-министрі Джорджа Мелониді және Канада премьер-министрі Марк Карниді көруге болады.

Саммит жұмысына Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити, Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта және Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен де қатысты.

Отырыста не талқыланды?

Трамп қатысқан жұмыс сессиясы жаһандық экономикалық қауіпсіздік мәселелеріне арналды.

Лидерлер халықаралық жеткізу тізбегінің тұрақтылығын, батыс елдерінің аса маңызды минералдар бойынша Қытайға тәуелділігін, сондай-ақ жаһандық экономикалық теңгерімсіздікті талқылады.

Ықтимал шаралар ретінде стратегиялық шикізат бағасын қолдау, субсидиялар, кепілдендірілген сатып алулар және Қытайдан тыс жерлерде аса маңызды минералдарды өндіру мен өңдеуге жеке инвестицияларды тарту мәселелері қаралды.

Саммиттің қорытынды күнінде қатысушылар экономикалық өсім мен жасанды интеллектінің болашағын да талқыға салды. ЖИ бойынша келіссөздерге ірі технологиялық компаниялардың өкілдері қатысты.

Жалпы алғанда, G7 саммиті Эвиан-ле-Бенде 15-17 маусым аралығында өтті. Экономика мен жасанды интеллектен бөлек, Украинадағы соғыс, Ресейге қарсы жаңа санкциялар, Иран төңірегіндегі жағдай және Ормуз бұғазы арқылы энергия ресурстарын жеткізу қауіпсіздігі басты тақырыптарға айналды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.23   566.33   6.71 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +25
Ақтау +25
Ақтөбе +29
Атырау +30
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +27
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +29
П
Павлодар +26
Петропавл +29
С
Семей +31
Т
Талдықорған +27
Тараз +31
Түркістан +22
О
Орал +26
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер