"Менен көп саяхаттайды". Кірпі мен мысықтың саяхаттағы суреттері жұртты күлдірді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Менен көп саяхаттайды". Кірпі мен мысықтың саяхаттағы суреттері жұртты күлдірді Фото @mr.pokee

Херби есімді кірпінің өмірге риза күлкісі мен әлемнің түкпір-түкпірінен түсірілген суреттері инстаграмда танымал болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Херби есімді кірпінің өмірге риза күлкісі мен әлемнің түкпір-түкпірінен түсірілген суреттері инстаграмда танымал болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кірпінің суреттерін иесі, Висбаден тұрғыны (Германия) Талита Гирнус жариялайды. Олар бірге бүкіл әлемді аралап, оқырмандарымен ерекше сәттерін бөліседі.

Көпшілік кішкентай саяхатшының өміріне қызғанышпен қарайды.

Инстаграмдағы @mr.pokee аккаунты алғашында Поки мырза есімді кәрі кірпіге тиесілі болған. Қыз инстаграм парақшасында үй жануарларының суретін салуды 2015 жылдың маусымында бастаған. Ол Покейдің сүйкімді сәттерін есте сақтау үшін суретке түсіре бастаған. 

2019 жылдың басында Покей қайтыс болды. Кейін Гирнус өз қайғысын көпшілікпен бөлісті.

"Пуки қайтыс болған кезде мен бұрын-соңды көрмеген ауыртпалықты сездім және мұндай кішкентай жанды тастап кету соншалықты қиын екенін ешкім түсінбеді. Бірақ Пуки маған қай досыңды жоғалтатының маңызды емес екенін ұқтырды. Ол адам болсын, кішкентай жануар болсын, бастысы - денесі емес, жаны", - деді ол.


Кейін қыз өзінің жаңа үй жануарларын - кірпі Херби мен мысық Одриді таныстырды. Талита әр елге саяхат жасап, кірпінің күліп тұрған суреттерін жүктеуді жалғастырды. Желі қолданушылары қыз өзінің инстаграмдағы атын неге өзгертпейтініне, Хербиге жаңа парақша ашпайтынына таңғалуда.

Түсірілімде Херби әрқашан өте бақытты көрінеді, бұл жаңа жазылушылардың жазылуына себеп болады. Қазірдің өзінде парақшада екі миллионға жуық адам жазылған, әр суреттің астында жүздеген пікірлер бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети