Меркель алғаш рет Ресейдің Украинаға басып кіруі туралы ашық айтты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Меркель алғаш рет Ресейдің Украинаға басып кіруі туралы ашық айтты Фото: Maciek Jaźwiecki / Agencja Wyborcza.pl

Ресейдің 24 ақпанда Украинаға басып кіруі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа тарихындағы "терең бетбұрыс" болды. Бұл бағалауды Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель берді, - деп хабарлайды Deutsche Welle

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің 24 ақпанда Украинаға басып кіруі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа тарихындағы "терең бетбұрыс" болды. Бұл бағалауды Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель берді, - деп хабарлайды Deutsche Welle

"Ресейдің шабуылына ұшыраған Украинаға жанашырлық білдіремін және оның өзін-өзі қорғау құқығын қолдаймын", - деді Меркель 200-ден аса қонақ, оның ішінде Германияның көптеген саяси тобының өкілдері қатысқан іс-шарада.

Ол неміс үкіметінің, сондай-ақ Еуропа Одағының, АҚШ-тың, НАТО-ның, "Үлкен жетіліктің" және БҰҰ-ның "Ресейдің осы жабайы басқыншылық соғысын тоқтатуға бағытталған" барлық күш-жігерін қолдайтынын атап өтті.

Экс-канцлер қазір оқиғаның салдары қандай болатынын ешкім болжай алмайтынын жеткізді. Меркель қазірдің өзінде бұл украиналықтарға әсер етіп жатқанын айтты. Бұл, атап айтқанда, бейбіт тұрғындарға қатысты адам құқықтарының бұзылуы. Оның сөзінше, Буча - сондай қатыгездіктің мысалы.

Экс-канцлер көрші мемлекеттердің, атап айтқанда, Польша мен Молдованың кішкентай болса да, үміт сыйлаған қолдауы туралы айтты.

Германия үкіметінің бұрынғы басшысы болашақта еуропалық деңгейде белсенді болғысы келетінін айтты.

"Кететініме бәс тіккен адамды ренжітемін", - деді ол.

Украинада соғыс басталғаннан бері Ангела Меркель Ресейдің Украинаға басып кіруі туралы пікір білдірмеген еді. Ол 25 ақпандағы жазбаша мәлімдемесінде Мәскеудің әрекетін айыптады.

Еске салайық, бұған дейін Украинадағы кейінгі жағдайларға жасалған шолу жарияланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети