Меркель пәрәнжі киюге толықтай тыйым салуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Меркель пәрәнжі киюге толықтай тыйым салуға шақырды © Getty Images

Германия канцлері Ангела Меркель алғаш рет елде пәрәнжі мен ниқабты киюге тыйым салу туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды "Би-би-си орыс қызметі" жазып отыр. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германия канцлері Ангела Меркель алғаш рет елде пәрәнжі мен ниқабты киюге тыйым салу туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды "Би-би-си орыс қызметі" жазып отыр. 

Эссен қаласында өткен Христиандық-демократиялық одақ (ХДО) партиясының съезінде сөз сөйлей отырып, ол мұндай киім киюді мүмкін болған жерлердің барлығында құқықтық түрде тыйым салу керектігін айтты.

"Бұл бізге жат", - деді канцлер. Оның айтуынша, Германияда адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде беті ашық болу қалыптасқан. "Сондықтан, бізде беті мен тұла бойын толық жауып тұратын киім кимейді", - деді саясаткер. Оның сөзіне қолдау ретінде ду қол шапалақ соғылды. 

Мұның алдында жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында канцлер толықтай жабық әйел неміс қоғамына сіңісіп кете алмайтындығын айтқан.

Сондай-ақ, канцлер елге жүз мыңдаған босқындар кірген 2015 жылғы миграциялық дағдарыстың қайталануына жол бермейтіндігін жеткізді.

Съезд барысында Меркель мектепте, сот ғимараттары мен басқа да мемлекеттік мекемелерде хиджабқа тыйым салуды қолдады. Ал дін өкілдері пәрәнжіге толықтай тыйым салудың Германия конституциясына қайшы болатынын айтады. 

Бақылаушылардың пікірінше, бұл мәлімдемелер Меркельдің төртінші мерзімге сайлану ниетімен байланысты. Соңғы кезде оның танымалдығы босқындар дағдарысы себебінен төмендеп кеткен еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети