Меркель төртінші рет Германия канцлері болып сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Меркель төртінші рет Германия канцлері болып сайланды © REUTERS

Бундестаг Ангела Меркельді төртінші рет Германия канцлері етіп сайлады. Депутаттардың басым бөлігі оған қолдау білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бундестаг Ангела Меркельді төртінші рет Германия канцлері етіп сайлады. Депутаттардың басым бөлігі оған қолдау білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Ангела Меркель қажетті дауыс жинады, канцлер болып сайланды", - деп мәлімдеді бундестаг басшысы Вольфганг Шойбле.

Депутаттар жасырын дауыс беру нәтижесін жариялау рәсімін қошеметпен күтіп алды. Трибунаға Меркельдің күйеуі Йоахим Зауэр мен  канцлердің 89 жастағы анасы Герлинд Каснер келді.

Басылымның мәліметінше, Меркельдің кандидатурасын Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер ұсынды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 512.07  course up  595.42  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети