Меркельдің Путинге қойған ультиматумы белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Германия канцлері Ангела Меркель Ресей президенті Владимир Путинге сәрсенбі - 11 ақпанға дейін Германия мен Франция жасаған Украина жөніндегі бейбітшілік жоспарына қатысты ұстанымын айқындауды ұсынды, - деп хабарлайды РБК. Ол бұлай болмаған жағдайда ЕО тарапынан Ресейге жаңа санкциялар енгізілетінін айтты. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Германия канцлері Ангела Меркель Ресей президенті Владимир Путинге сәрсенбі - 11 ақпанға дейін Германия мен Франция жасаған Украина жөніндегі бейбітшілік жоспарына қатысты ұстанымын айқындауды ұсынды, - деп хабарлайды РБК. Ол бұлай болмаған жағдайда ЕО тарапынан Ресейге жаңа санкциялар енгізілетінін айтты. 

Wall Street Journal басылымы ақпарат көздерінің хабарлауынша, ГФР канцлері Минскіде өтетін "норманд төрттігі" кездесуінде Путин Германия мен Францияның бейбіт жоспарына келісім беруі керек деп есептейді. Оның айтуынша, егер Ресей Минск саммитінде жаңа "жол картасын" ескермейтін болса, Германия Ресей компанияларына қарсы жаңа санкциялар енгізіп, есепшоттарына тыйым салынатын Ресей азаматтарының тізімін кеңейтеді. 

Ақпарат көздерінің мәліметінше, Меркель Путинге талап орындалмаған жағдайда Германия АҚШ-тың Украинаға қырып жою қаруын жеткізуіне қарсы болмайтынын мәлімдеді. Еуропа саясаттанушылары болса, жанжалды дипломатиялық жолмен шешу керек екенін айтты, олардың пікірінше, Меркельдің қосымша қару жеткізу туралы мәлімдемесі жанжалдың шешілуіне септігін тигізбейді. 

Еске сала кетейік, Франсуа Олланд пен Ангела Меркель Мәскеуге келіп, Украина жөніндегі бейбіт жоспарды талқылаған еді. Кездесуге қатысқан ел өкілдері келіссөздердің қорытындысын "сындарлы" деп бағалады. 8 ақпан күні келіссөздер телефон арқылы жүргізілді, оған Украина президенті Петр Порошенко да қатысты. Оның нәтижесінде Минскіде "норманд форматындағы" кездесу өткізу туралы шешім шығарылды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro