"Германия Канцлері Ангела Меркель Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге байырғы картина тарту етті. Алайда, сыйлық картографиялық негіздегі жанжалдың туындауына себеп болды" деп хабарлайды Тengrinews.kz "Вести.Ru" сайтына сілтеме жасап.

28 наурыз күні Ангела Меркель Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мен аспан асты елінің бірінші ханымы құрметіне жоғарғы деңгейде қабылдау жасаған болатын. Берлинде өткен кездесу кезінде екі тарап сый-сыйапат алмасты. Си Цзиньпин фарфор вазалар топтамасын сыйға тартса, Меркель неміс математигі, астроном және картограф Иоган Маттиас Хазенің 1740 жылы жазған байырғы картинасын сыйға тартқан. Алайда, Цин империясының даму кезеңі бейнеленген байырғы картада Ішкі Монғол, Маньчжурия, Синьцзян, Хайнань, Тайвань және Тибет көрсетілмеген.
Меркельдің тарту еткен сыйлығы жанжалдың туындауына себеп болған. Көптеген Қытайлықтар бұл сыйлықта жасырын пиғыл бар деп санайды. Ал, Меркельдің сөзі бойынша, бұл Қытайдың алғашқы дәл жасалған картасы. Қытайда Меркельді "Тибет пен Синьцзянның тәуелсіздігіне сызат түсірмек болды" деп айыптап отыр.
Иоганн Маттиас Хазе сызған карта. 1740 жыл.