Меркелдің зейнеттегі алғашқы күні Германия тұрғындарын таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Меркелдің зейнеттегі алғашқы күні Германия тұрғындарын таңғалдырды © bild.de

Германияның экс-канцлері Ангела Меркель үкімет басшысы қызметінен кеткеннен кейін "ұйқымды қандырамын" дегеніне қарамастан, зейнеткерліктің бірінші күні үйінен таңертең шығып кетті. Бұл туралы Bild таблоид басылымы жазады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Ақпарат бойынша, сағат 08:20-да Меркель кептелістерге қарамастан Унтер ден Линден көшесіндегі бундестагтағы жаңа кеңсесіне барған.

Кейінірек ол супермаркетке барады. Дүкенде экс-канцлер күзетшімен болса да, арбаны өзі сүйреп жүрді.

© bild.de

БАҚ мәліметінше, Меркелдің ендігі кеңсесі бұрынға канцлер Гельмут Коль қызметінен кеткенде барған жерде болады. Сондай-ақ, мұнда кезінде ГДР білім министрі Маргот Хонеккердің резиденциясы болған. 
 
Германияның жаңа канцлері болып социал-демократ Олаф Шольц сайланды. Айта кетейік, Меркель бұл қызметті 2005 жылдан бастап 16 жыл қатарынан атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети