31 шілде 2021 10:11

Метрода "коронавирус ұстамасы" болғандай кейіп танытқан пранкер 4 жылға қамалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Мемлекеттік айыптаушы мәскеулік метрополитенде коронавирусқа байланысты пранк ұйымдастырған Кароматулло Джаборовты 4 жылға қамауды сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости және НТВ.


Мемлекеттік айыптаушы мәскеулік метрополитенде коронавирусқа байланысты пранк ұйымдастырған Кароматулло Джаборовты 4 жылға қамауды сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости және НТВ.

Тәжікстан азаматы Джаборов алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен бұзақылық жасады деп айыпталды.

Былтыр ақпанда пранкер метродағы видео тарап кеткеннен кейін ұсталған. Видеода блогер құлап, ұстама болғандай кейіп танытқан. Оның қасында пранкер қауіпті вирус жұқтырғанын айтып айғайлаған жігіттер тұрған. 

Артынша Джаборов қамауға алынып, қасындағы екі жігіт ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. 

Пранкерге қатысты үкім 2 тамызда шығады. Прокурор оның сыбайластарын үш жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Бұған дейін Джаборов істеген әрекетіне өкінетінін, сол күні метрода қорқып қалған адамдардан кешірім сұрады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети