Мәскеу метросында қызға көмектеспек болған 24 жастағы жігіт екі саусағынан айырылды, - деп хабардайды РИА Новости.
Мәскеу метросында қызға көмектеспек болған 24 жастағы жігіт екі саусағынан айырылды, - деп хабардайды РИА Новости.
Басылымның мәліметінше, экскалатормен көтеріліп келе жатқан жігіт қыздың телефонын түсіріп алғанын көріп, оны көтермек болған. Дегенмен жігіттің екі саусағы механизмге қыстырылып қалды.
"Оқиға жұмаға қараған түні болды. Экскалаторды тоқтатқаннан кейін полиция қызметкерлері дереу жедел жәрдем шақырды", - деді Мәскеу метрополитеніндегі ІІБ баспасөз қызметінің басшысы Алексей Мышляев.
Оның айтуынша, дерек тәртіпке сәйкес прокуратураға жіберілді, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.