МИ-8 МТ тікұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды - Қырғызстан Қорғаныс министрлігі

Иллюстрациялық фото: ©РИА Новости

Қырғызстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің МИ-8 МТ тікұшағы шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің МИ-8 МТ тікұшағы шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға бүгін Ош облысының Ноокат ауданында болды. 

Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бортта 10 адам болған.

Реклама
Реклама

"Құрбандар жоқ, алдын ала мәліметтер бойынша, үш адам жеңіл жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетіледі", - деді ведомство өкілдері. 

Сонымен қатар, Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі оқиға орнына Ноокат орталығының үш жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілгенін хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін қырғызстандық БАҚ өкілдері өз дереккөздеріне сілтеме жасап, Әуе қорғанысы күштерінің МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған еді. 

Айта кетейік, бүгінде қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай қайта шиеленісіп тұр

Зулайка Эркимбаева, Бішкек

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама