04 маусым 2021 09:35

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тағы да шиеленісе түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғыз-тәжік шекарасының бір бөлігінде жағдай қайта ушығып тұр. Бұл туралы Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметі мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 


Қырғыз-тәжік шекарасының бір бөлігінде жағдай қайта ушығып тұр. Бұл туралы Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметі мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Тәжікстан 4 маусымда сағат 03.00-де Қырғызстан аумағына, Чон-Алай ауданының Унжу-Бұлақ елді мекенінде контейнер орната бастағаны хабарланды. Сағат 06.00-де тәжікстандықтар орнатылған контейнерден 600 метрге аулақ кетті.

"Тәжік тарапынан әскери қызметшілердің жеке құрамының автомобиль және жеңіл құрышпен қапталған техникамен жиналғаны байқалады. ҰҚК Шекара қызметі жанжалдың ушығуына жол бермеу мақсатында барлық шараны қабылдайды. Алайда ТР шекара өкілдері телефон қоңырауларына жауап бермей жатыр. Қырғыз-тәжік шекара учаскесінде орналасқан Қырғыз Республикасының Шекара қызметі бөлімшелері қызмет өткерудің күшейтілген режиміне көшті", - деп хабарлады Шекара қызметі өкілдері.

Еске салайық, 29 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасында Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара қызметтері арасында қарулы қақтығыс болды. Түрлі есептер бойынша, зардап шеккендердің жалпы саны 134 адамнан асты, оның ішінде қырғызстандықтар арасында 13 адам және Тәжікстан тарапынан 10 адам қайтыс болды. 

Қақтығыс салдарынан тұрғын үйлер мен мектептер қирады. Артынша кеше, 29 сәуірде кешкі уақытта екі ел атысты тоқтату туралы шешімге келген.  

Қырғыз-тәжік шекарасында не болып жатыр?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети