Мьянма жағалауында экипажы мен жүгі жоқ "елес кеме" табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мьянма жағалауында экипажы мен жүгі жоқ "елес кеме" табылды © facebook/yangonpolice

Мьянманың оңтүстігіндегі жағалауынан балықшылар экипажы мен жүгі жоқ кеме тапты, - деп хабарлайды RT жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мьянманың оңтүстігіндегі жағалауынан балықшылар экипажы мен жүгі жоқ кеме тапты, - деп хабарлайды RT жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 

Кеме Андаман теңізінің жағалау тізбегінен 11 шақырым жерде қайырға тұрып қалған. Тексерістен кейін, жүк тасымалдайтын 26,5 мың тонналық Sam Ratulangi PB 1600 кемесі екені және оның ұзындығы 177 метр екені анықталған. 

Соңғы рет бұл кемені 2009 жылы Тайвань жағалауынан көргендер бар. Ол кезде кемеде Индонезия туы тұрған. Осыншама алып кеменің Мьянма су территориясында орналасуы әзірше жұмбақ. 

Бір нұсқа бойынша, кемені Джакартадан Бангладешке сүйреп алып келген. Ауа райының қолайсыздығына байланысты, трос үзіліп, кеме жоғалып кеткен. 


© facebook/yangonpolice

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети