Милан қаласының тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан кафелерінің бірінде жарылыс болып, артынша өрттің салдарынан он адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости.
Милан қаласының тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан кафелерінің бірінде жарылыс болып, артынша өрттің салдарынан он адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости.
RaiNews24 телеарнасының хабарлауынша, оқиға жексенбіге қараған түні 01.30-да (Астана уақытымен 05.30-да) қаланың орталығынан алыс емес жерде болған. Жарылыс болған кезде бар жабық болған.
Жарылыстан кейін шыққан өрт сол тұрғын үйде орналасқан пәтрлерге тараған. Үй тұрғындары дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілген, алайда он шақты адам түтінге тұншығып және күйіп қалған адамдар ауруханаға жеткізілген. Олардың өміріне қауіп жоқ.
Қазіргі уақытта полиция мен өрт сөндіру қызметін жарылыстың неден болғанын анықтап жатыр. Әр түрлі себептер қарастырылып жатыр газдың шығып кетуі немесе әдейі жасалған болуы да мүмкін.