Сауд Арабиясының милионерлері мен миллиардерлері қаржыларын елден шығару жолдарын қарастырып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости сайты Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Сауд Арабиясының милионерлері мен миллиардерлері қаржыларын елден шығару жолдарын қарастырып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости сайты Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Кей мәліметтер бойынша, елдің дәулетті адамдары Сауд Арабиясы мен көрші елдерден қаржысын шығару жолдарын қарастырып, банктер мен менеджерлерден кеңес сұрап жатыр. Олар өз активтерінің тоқтатып тастауынан қауіптеніп отыр. Сонымен қатар, олар елдегі жемқорлық ісіне қатысты тұтқындаулар жалғасатынынан да қауіптенеді.
Одан бөлек, ресми емес ақпарат бойынша, елдің Орталық банкі ондаған адамның есебіне тыйым салу туралы жарлық шығарған. Бұл оқиғалардан кейін Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастығы кеңесіне кіретін елдер биржасында құлдырау байқалады. Қазір құлдырау көлемі 17,6 миллиард доллар деп шамаланып отыр.
Еске салайық, 5 қарашада тақ мұрагері Мухаммед ибн Салман басшылық ететін жемқорлықпен күрес комитеті, қатарында король отбасының мүшелері, министрлер мен кәсіпкерлер бар 40 адамды тұтқындауға жарлық еткен.