Миннеаполис мэрі Джордж Флойдпен қоштасу рәсімінде жылап жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Миннеаполис мэрі Джордж Флойдпен қоштасу рәсімінде жылап жіберді

Америкалық Миннеаполис қаласының мэрі Джейкоб Фрей Джордж Флойдпен қоштасу рәсімі кезінде жылап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық Миннеаполис қаласының мэрі Джейкоб Фрей Джордж Флойдпен қоштасу рәсімі кезінде жылап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде жарияланған кадрларда қала басшысы тізерлеп, жылағаннан дірілдеп тұрғаны көрінеді.

Салтанатты рәсімде жиналған адамдар да қаза тапқан афроамерикалықты 8 минут және 46 секунд үнсіздікпен еске алды. Осынша уақыт бойы полиция қызметкері тізесімен оның мойынын басқан болатын.

Еске салайық, 25 мамырда полиция қызметкерлері Флойдты ұстаған соң, оның біреуі сегіз минут бойы қарсылық көрсетпеген, қолы кісендеулі афроамерикалықтың мойнын тізесімен басып, өлтіріп алған болатын. Оның қазасы АҚШ пен басқа елдерде жаппай наразылық пен тәртіпсіздіктерге алып келді.

Тәуелсіз сарапшылар Флойд қасақана өлтіру нәтижесінде тұншығып қайтыс болғанын анықтады. Кейін оның коронавирусты да жұқтырғаны мәлім болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети