Минск тұрғыны пәтеріне басып кірген МҚК қызметкерін атып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Минск тұрғыны пәтеріне басып кірген МҚК қызметкерін атып өлтірді Минскідегі атыс. © Беларусь МҚК жариялаған видео скриншоты

Минск тұрғыны мемлекеттік қауіпсіздік комитеті қызметкерін атып өлтірді, МҚК қызметкерлері пәтерге мекенжайлармен жұмыс істеу бойынша операция аясында келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Беларусь Мемқауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Минск тұрғыны мемлекеттік қауіпсіздік комитеті қызметкерін атып өлтірді, МҚК қызметкерлері пәтерге мекенжайлармен жұмыс істеу бойынша операция аясында келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Беларусь Мемқауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, пәтер тұрғыны Андрей З. EPAM Systems IT-компаниясында жұмыс істеген. Күш құрылымдарының өкілдері оған қайтара оқ жаудырған.

Андрей Зельцер. © macronbelarus.by сайтынан скриншот

Пәтерде оның әйелі де болған. Беларусьтің билікшіл телеграм-арналары атыстың монтаждалған кадрларын жариялады. Басып кіруші жақ та, қорғанушы тарап та түсірілім жасаған. "Настоящее время" басылымы пәтердегі рейд видеосындағы біртүрлі мәселелерге назар аударған. Мысалы, екі жақтан түсірілген жазбаның синхрондалуы және атып өлтірілген тұрғынның мәйіті көрсетілмеуі.

МҚК нұсқасы бойынша, қауіпсіздік қызметкерлері "террористік әрекетке қатысы бар адамдар болуы мүмкін мекенжайларды пысықтау бойынша" арнайы іс-шара өткізген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне оқ жаудырған ер адам ведомствоның хабарламасында "аса қауіпті қылмыскер"деп аталған.

"Қызметін атқарған адамды өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (БР ҚК-нің 139-бабының 2-бөлігі).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети