Минскіде жаппай ұстау басталды. Лукашенко резиденциясын бронетехника қоршады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Минскіде жаппай ұстау басталды. Лукашенко резиденциясын бронетехника қоршады © Reuters

Жексенбі, 13 қыркүйекте, Минскіде түстен кейін наразылық білдіруге шыққан адамдарды жаппай ұстау басталды. Оларды қала орталығына жібермеді, алайда кей топ қарулы күшке қарамастан өтіп жатыр. Митингіні жергілікті БАҚ және Telegram-каналдар тікелей эфирде көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жексенбі, 13 қыркүйекте, Минскіде түстен кейін наразылық білдіруге шыққан адамдарды жаппай ұстау басталды. Оларды қала орталығына жібермеді, алайда кей топ қарулы күшке қарамастан өтіп жатыр. Митингіні жергілікті БАҚ және Telegram-каналдар тікелей эфирде көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дзержинский даңғылында құқыққорғаушылар жүздеген адамнан құралған бірнеше колоннаны таратуға тырысты. Митингіге қатысқан 20 адам ұсталды, арасында ерлер де, әйелдер де бар, деп жазады TUT.BY.

Сондай-ақ Тәуелсіздік, Жеңімпаздар даңғылында және астананың басқа аудандарында да жаппай ұстау басталды. Беларусь ІІМ мәліметінше, қалада 250-ге жуық адам ұсталған.

Минскіде сегіз орталық метро станциясы жабық, қала орталығында интернет өшірілді.

Таңертең Минскіде әскери техника, оның ішінде автозак пен тікен сымы бар көлік өтті. 

Құрылымдық күш қызметкерлері Тәуелсіздік және Қазан алаңын, "Минск - батыр қала" стеласының алдын қоршады.

Беларусь президенті Александр Лукашенконың резиденциясына бронетехника жеткізілді. РИА "Новости" агенттігінің Telegram-каналында жарияланған видеодан экипажы бар 10-ға жуық БТР тұрғанын көруге болады.

Дегенмен наразылық білдірушілер әлі жиналып жатыр. Лукашенконың резиденциясына қарай ондаған адам барды. Енді олар Жеңімпаздар даңғылымен жүретін маршрутты өзгертіп, Тәуелсіздік сарайының территориясын айналып өтті. Ол жерге Мемлекеттік ту алаңы тарапынан бірнеше колонна болып жиналды.

Минскіден бөлек, Гродно, Гомель, Лида, Бобруйск, Брест, Могилев және Витебск қаласында наразылық шаралары өтіп жатыр. Бұл жақтарда ондаған топтан бастап мыңдаған адамға дейін жиналған, деп жазады Euroradio.

Александр Лукашенкоға қарсы акциялар Минскіде әр жексенбі сайын бір айдан бері өтіп жатыр. Мұның алдындағы акцияға 100 мыңнан 200 мыңға дейін адам жиналды.  Өткен жексенбіде акция аяқталғаннан кейін наразылық білдірушілерді ұстай бастады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети