18 тамыз 2020 09:29

Минскідегі наразылық шараларын басқаратын Nexta Live Telegram-каналын кім жүргізеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роман Протасевич және Степан Путила. © strana.ua Роман Протасевич және Степан Путила. © strana.ua

Минскіде және Беларусьтің басқа қалаларында болып жатқан наразылық шараларын ұйымдастырушылардың басында Nexta Live Telegram-каналы тұр. Қазір бұл каналға екі миллионнан аса адам жазылған. Украиналық "Страна" порталы каналды кім жүргізетінін анықтапты.


Минскіде және Беларусьтің басқа қалаларында болып жатқан наразылық шараларын ұйымдастырушылардың басында Nexta Live Telegram-каналы тұр. Қазір бұл каналға екі миллионнан аса адам жазылған. Украиналық "Страна" порталы каналды кім жүргізетінін анықтапты.

Nexta-ның бас редакторы журналист - Роман Протасевич - бірнеше жылдық тәжірибесі бар оппозиционер. 2012 жылы ол әлеуметтік желідегі оппозициялық топтардың жетекшісі ретінде ұсталған.

Ол кезде Протасевич Лукашенкоға қарсы көшедегі наразылықты ұйымдастырған ұйым "Жас фронттың" қатарында еді. Сондай-ақ ұйым белорус тілінің қолданылу аясын кеңейту үшін күресті.

Польша мен Литва қаржыландыратын "Еурорадио", сондай-ақ "Азаттық радиосы" журналисі болды. Декоммунизация үшін және каннабис есірткісін заңдастыру үшін күресетін.

Facebook желісіндегі жазбаларына қарағанда Протасевич қазір Польшада тұрып жатыр.

Nexta каналын құрған тағы бір адам - оппозиционер журналист Степан Путила. Оның атына 2015 жылы сондай атаумен және логотиппен YouTube-канал тіркелген.

Путила да Протасевич сияқты Польша астанасында тұрады. Әлеуметтік желіде Светлов деген лақап аты бар.

Путила Польшаның Сыртқы істер министрлігі қаржыландыратын "Белсат" арнасында жұмыс істеген. 

Қазір Путиланың жұмыс орны ретінде "Новая Польша" журналы көрсетілген. 

"Степан Беларусьтегі оппозициясының митингілерін қолдап, өзі тек Варшавада ғана, Ресей елшілігіне барады", - деп атап өтті басылым.

Еске салайық, 9 тамызда Беларусь тарихында алтыншы рет президент сайлауы өтті. Бұл жолғы сайлауда негізгі бес үміткер болды. Елде сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жаппай тәртіпсіздік басталды. Жергілікті халық сайлаудың нәтижесіне наразы болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети