Мирзиеев Өзбекстанда президент сайлауын кейінге қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мирзиеев Өзбекстанда президент сайлауын кейінге қалдырды Фото: instagram.com/mirziyoyev_sh

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев президент сайлауын желтоқсаннан қазанға ауыстыратын заңнамадағы өзгерістерге қол қойды. Заң мәтіні "Народное слово" газетінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев президент сайлауын желтоқсаннан қазанға ауыстыратын заңнамадағы өзгерістерге қол қойды. Заң мәтіні "Народное слово" газетінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өзбекстан Республикасы Конституциясының 117-бабының екінші бөлігіндегі "желтоқсан" сөзі "қазан" сөзіне ауыстырылсын", - делінген заң мәтінінде. Құжат БАҚ-та жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, Өзбекстан президентінің сайлауы желтоқсанның үшінші онкүндігінің бірінші жексенбісінен қазанның үшінші онкүндігінің бірінші жексенбісіне ауыстырылды (биыл бұл күн 24 қазанға түседі). Сондай-ақ, заң шығару палатасы мен облыс, аудан, қалаларда өкілетті мемлекеттік билік органдарының сайлауы осы мерзімге ауысты.

Қаңтардың соңында Өзбекстан Парламентінің заң шығарушы палатасы сайлауды кейінге қалдыру туралы заңға түзетулерді қабылдады. Палатаның баспасөз қызметінің мәліметінше, енгізілетін өзгерістер алдағы маңызды мемлекеттік шешімдерді кешіктірмеуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Өзбекстанда президент сайлауы бес жылда бір рет өтеді. Өзбекстанда 2016 жылы 4 желтоқсанда кезектен тыс президенттік сайлау өткен болатын, онда премьер-министр қызметін атқарған Мирзиеев жеңіске жетті. Ал оның алдында ел басқарған президент Ислам Каримов 2016 жылдың 2 қыркүйегінде 78 жасында инсульттан қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети