30 маусым 2021 | 11:47

Moderna өз вакцинасы "дельта" штамына қарсы тиімді екенін мәлімдеді

Фото: ©REUTERS

Moderna компаниясы өз вакцинасы коронавирустың түрлі нұсқаларына, соның ішінде "дельта" штамына қарсы тиімді екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Moderna компаниясы өз вакцинасы коронавирустың түрлі нұсқаларына, соның ішінде "дельта" штамына қарсы тиімді екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметі бойынша, Moderna вакцинасының екінші компонентін алғанына бір апта болған 8 қатысушының қан сарысуына зерттеу жүргізілген. Нәтижесінде вакцина вирустың барлық нұсқасына, сонымен қатар Оңтүстік Африкада және Үндістанда анықталған 3 нұсқаға қарсы антидене берген.

Сайтта көрсетілген мәліметке сүйенсек, "дельта" нұсқасында титрлердің 3,2-ден 2,1-ге дейін қысқаруы байқалған. Осылайша вакцина коронавирустың өзге үнді нұсқалары мен бразилиялық штамға қарсы тиімділігін көрсеткен.

Реклама
Реклама

"Бұл жаңа деректер Moderna вакцинасының COVID-19-дың жаңа нұсқаларына қарсы тұра алатынына деген сенімімізді күшейте түсті", - деді компания директоры Стефан Бансель.

Оның айтуынша, "дельта" штамы анықталған Үндістанда 29 маусымда 18 жастан асқандарға Moderna вакцинасын шұғыл қолдану туралы шешім қабылданғанын айтты.

Еске сала кетейік, ДДСҰ коронавирустың "дельта" нұсқасы Уханда табылған вирус штамынан екі есе жұқпалы екенін мойындаған еді. Бұған дейін Нұр-Сұлтанда үнді штамы науқастардың 56 пайызында табылды деген қауіп анықталған болатын. Жұқтыру деректері Алматыда да тіркелген. Мұнда "дельта" штамын 46 алматылық жұқтырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная