22 маусым 2021 09:31

Нұр-Сұлтанда үнді штамы табылды деген қауіп анықталды - Цой

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтанда үнді штамы табылды деген қауіп анықталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтанда үнді штамы табылды деген қауіп анықталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардан алынған зертханалық үлгілердің ПТР-скринингінің нәтижелері бойынша, үнді штамы деп аталатын дельта штамына тән мутация табылды деген қауіп анықталды", - деді Цой Үкімет отырысында.

Министр коронавирустың дельта штамы басқа штамдарға қарағанда 60 пайызға жұқпалы екенін және 7 күнге дейін қысқа инкубациялық кезеңмен ерекшеленетінін айтты.

"Соңғы зерттеулер коронавирустың үнді штамынан адамның ауруханаға түсуі мен өлім-жітім көрсеткіші жоғары екенін көрсетті. Сонымен қатар, буындар мен іштің қатты ауыруы, ішек аурулары, есту қабілетінің жоғалуы сияқты жаңа клиникалық белгілер пайда болды", - деді министр.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, SarsCov2 дельта штамы әлемнің 74 елінде анықталған.

"Үнді штамына тән қолда бар деректерді ескере отырып, өңірлер дәрілік заттардың, жасанды тыныс алдыру аппараттарына қажет материалдардың, жеке қорғаныс құралдарының, қосымша төсектердің жеткілікті қорын, сондай-ақ жедел жәрдем қызметінің, корвонавирус жұқтырған пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін бригадалардың дайындығын қамтамасыз етуі қажет", - деді Цой.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети