Moderna вакцинаның қорғанысы әлсіреуі мүмкін екенін мәлімдеді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Moderna COVID-19-ға қарсы вакциналардың жаңа сынақтары уақыт өте келе қорғаныс қабілетінің әлсірейтінін көрсетті деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Moderna COVID-19-ға қарсы вакциналардың жаңа сынақтары уақыт өте келе қорғаныс қабілетінің әлсірейтінін көрсетті деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Moderna компаниясы мәліметінше, коронавирусқа қарсы вакцинаға жүргізген сынақ нәтижелері уақыт өте келе қорғаныс әлсірейтінін көрсеткен. Бұл қайталанатын дозаларды енгізу қажеттілігін растайды, делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

"Бұл бағалаудың бірі ғана түрі. Бірақ біз күз бен қыста иммунитеттің әлсіреуінен кем дегенде 600 мың қосымша COVID-19 жағдайы тіркеледі деп күтеміз", - деді Moderna президенті Стивен Хоге.

Хоге олардың қаншасы ауыр жағдайда болатынын болжаған жоқ, бірақ кейбір науқастар ауруханаға жатқызуды қажет етеді деді.

Moderna компаниясы 1 қыркүйекте АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасына қайта вакциналауға рұқсат беру туралы өтініш берді.

"Біз бұл әрекет COVID-19 жағдайының төмендеуіне әкеледі деп санаймыз. Сондай-ақ, мРНК - 1273 үшінші дозасы келесі жылы иммунитеттің көтерілуіне мүмкіндік береді деп санаймыз", - делінген хабарламада.

Moderna өз талдауында 2020 жылдың шілдесі мен қазан аралығында вакцина алған 14000-нан аса еріктіге салған вакцинаның өнімділігін салыстырды. Шілдеден тамызға дейінгі екі айдың ішінде зерттеушілер екі вакцинаны кейін қабылдағандар арасында 88 COVID-19 жағдайын анықтады, ал былтыр вакцинаны қабылдағандар арасында 162 жағдай тіркелген.

Жалпы алғанда, тек 19 жағдай ауыр деп танылды, бұл қорғаныстың әлсіреуін бағалаудың негізгі өлшемі болып табылады. Moderna компаниясы жақында вакцинацияланғандардың арасында ауыр жағдайлардың төмендеу тенденциясы бар деп мәлімдеді, бірақ бұл нәтиже статистикалық маңызды емес.

Зерттеушілер сонымен қатар Moderna вакцинасының екі дозасын алған 352 мыңнан аса адамның деректерін бірдей вакцина алмаған адамдармен салыстырды және Moderna вакцинасы COVID-19 диагнозын болдырмау үшін 87 пайызға және ауруханаға жатқызуды болдырмау үшін 96 пайызға тиімді екенін анықтады.

Хоге вакцинаның бастапқы тиімділігі жоғары екенін айтты, бірақ ол қорғаныстың әлсіреуіне жол бермеу керек дейді.

"Алғашқы алты ай өте жақсы, бірақ қорғаныс жыл бойы және одан әрі тұрақты болады деп күтуге болмайды", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro