31 қазан 2022 16:29

Молдовада Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі атып түсірген зымыран құлады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:mai.gov.md Фото:mai.gov.md

Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі атып түсірген зымыран Молдованың солтүстігіне құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі атып түсірген зымыран Молдованың солтүстігіне құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі хабарлады. Ведомство зымыранды украиналық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі атып түсіргенін және Украинамен шекарада орналасқан Наславча ауылының солтүстігне құлағанын атап өтті.

"Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі атып түсірген зымыран Молдова Республикасының Украинамен шекарасында орналасқан Наславча ауылының солтүстік бөлігіне құлады. Қазіргі уақытта зардап шеккендер жоқ, Наславчадағы бірнеше үйдің терезелері сынған", - делінген министрлік хабарламасында.

Украина билігі су басу қаупі жоқ екенін хабарлаған. Қазіргі уақытта ықтимал қауіпті болдырмау мақсатында Ішкі істер министрлігінің әскерлері аумақты қоршауға алып, оқиға орнында жедел-іздестіру тобы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, бірақ бірнеше үйдің терезелері зақымданған.

NordNews порталы бақылау камерасы түсірген видеоны жариялады. Ресей армиясы 31 қазанда таңертең Украинаның бірнеше учаскесіне, соның ішінде Молдовамен шекарадан бірнеше шақырым жерде орналасқан Новодниестровская су электр станциясына 90-нан аса зымыран атқылағаны атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети