ПОДЕЛИТЬСЯ
24 мамыр 2022 | 14:18
Молдованың экс-президенті Додон қамауға алынды - БАҚ
БАҚ-та Молдованың экс-президенті Игорь Додонның тұтқындалғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
БАҚ-та Молдованың экс-президенті Игорь Додонның тұтқындалғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Sputnik Молдова басылымының мәліметінше, Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон 72 сағатқа қамауға алынған. БАҚ-та қазір оның үйінде, Садов ауылындағы ата-анасының үйінде және Калараш ауданындағы Додонның басқа нысандарында тінту жүргізіліп жатқаны айтылған.
Еске салайық, бұған Молдованың экс-президенті Игорь Додон сыбайлас жемқорлық, заңсыз баю, сондай-ақ, Отанына опасыздық жасады деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.
2020 жылы бұрынғы депутат Юрий Реницэ сол кездегі президент Игорь Додон Демпартияның жетекшісі Владимир Плахотнюк пен оның орынбасары Сергей Яраловпен кездескен видеоны жариялады. Видеода Додон Плахотнюктен пакет алған. Депутаттың айтуынша, онда қомақты ақша болған. Кездесу 2019 жылғы маусымда өткен, бірнеше күннен кейін Плахотнюк елден кеткен.
2020 жылғы маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратура Додонға қарсы қылмыстық іс қозғаудан бас тартты, өйткені қылмыс белгілері анықталмаған. Бұл шешімді Кишинев соты қолдаған болатын, бірақ 17 мамырда Кишиневтің апелляциялық палатасы бірінші сатыдағы сот шешімін жойды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также