24 мамыр 2022 11:57

Молдованың экс-президенті Отанына опасыздық жасады деген күдікке ілінді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Игорь Додон. Фото ©РИА Новости Игорь Додон. Фото ©РИА Новости

Молдованың экс-президенті Игорь Додон сыбайлас жемқорлық, заңсыз баю, сондай-ақ, Отанына опасыздық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінің басшысы Марианна Керпеек айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Молдованың экс-президенті Игорь Додон сыбайлас жемқорлық, заңсыз баю, сондай-ақ, Отанына опасыздық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінің басшысы Марианна Керпеек айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Марианна Керпектің сөзінше, экс-президенттің үйінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратура мен Ақпарат және қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері тінту жүргізіп жатыр.

"Тінту Молдова Қылмыстық кодексінің 324-бабында (Пассив сыбайлас жемқорлық), 181-бабының 2-тармағында (Қылмыстық ұйым тарапынан саяси партияны қаржыландыру), 337-бабында (Отанына опасыздық жасау) және 330-бабының 2-тармағында (Заңсыз баю) көзделген қылмыстар бойынша жүргізіледі", - деді ол.

2020 жылы бұрынғы депутат Юрий Реницэ сол кездегі президент Игорь Додон Демпартияның жетекшісі Владимир Плахотнюк пен оның орынбасары Сергей Яраловпен кездескен видеоны жариялады. Видеода Додон Плахотнюктен пакет алған. Депутаттың айтуынша, онда қомақты ақша болған. Кездесу 2019 жылғы маусымда өткен, бірнеше күннен кейін Плахотнюк елден кеткен.

2020 жылғы маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратура Додонға қарсы қылмыстық іс қозғаудан бас тартты, өйткені қылмыс белгілері анықталмаған. Бұл шешімді Кишинев соты қолдаған болатын, бірақ 17 мамырда Кишиневтің апелляциялық палатасы бірінші сатыдағы сот шешімін жойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети