Моңғолия астанасында үш күннен бері жаппай наразылық шаралары өтіп жатыр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Моңғолия астанасында үш күннен бері жаппай наразылық шаралары өтіп жатыр

Моңғолия астанасында үш күннен бері жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр. Халықтың жаппай көшеге шығып, наразылық білдіруіне көмір экспортындағы былықтар себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sonin басылымына сілтеме жасап.

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласының басшысы Долгорсурэнгийн Сумъяабазар қаланың орталық алаңы мен Үкімет үйінің маңындағы наразылық акциясына қатысушыларды күшпен тарату туралы жарлық шығарды. Тиісті органдарға акцияға қатысқандарды тыныштыққа шақыруға, қажет болған жағдайда күштеп тарату шараларын қолдану тапсырылды.

Ұланбатырдағы шерулер бейбіт аяқталғандықтан, полицияға жиналғандарды тарату үшін күш қолданудың қажеті болмағаны атап өтілді. Осыған байланысты қала әкімі қаулысының күшін жою туралы өкім шығып, полиция қызметкерлері қырағылықты төмендетті.

Сонымен қатар, Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурелсух елде төтенше жағдай енгізудің қажеті жоқ екенін айтты. Оны премьер-министр Лувсаннамсрейн Оюун-Эрдэнэ қолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети