ПОДЕЛИТЬСЯ
10 наурыз 2020 | 10:05
Моңғолияда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді
Моңғолияда Франция азаматынан коронавирус анықталды. Бұл туралы Моңғолияның вице-премьері Энхтувшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Mongolian news agency.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Моңғолияда Франция азаматынан коронавирус анықталды. Бұл туралы Моңғолияның вице-премьері Энхтувшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Mongolian news agency.
Агенттік мәліметінше, 2 наурызда Мәскеу-Ұлан-Батыр бағытымен Моңғолияға ұшып келген Франция азаматының дене қызуы көтерілген. Ал сараптама нәтижесі коронавирусты растаған. Қазіргі уақытта ол карантинге жатқызылды.
Моңғолияның денсаулық сақтау министрі таяуда науқастан тағы да сараптама алынатынын айтты. Қазіргі уақытта Франция азаматының жағдайы тұрақты екені айтылады.
Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жұқтырған елдердің саны артуына байланысты мәлімдеме жасаған еді. Ұйымның мәліметінше, бүгінде вирусты әлемнің 104 елінде 109 343 адам жұқтырған.
Италиялықтарға коронавирусқа байланысты үйден шықпауға кеңес берілді
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также