"Москва" зымырандық крейсері теңізге батып кетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Ресейдің Қара теңіз флотының флагманы саналатын "Москва" зымырандық крейсері теңізге батып кетті. Бұл туралы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің Қара теңіз флотының флагманы саналатын "Москва" зымырандық крейсері теңізге батып кетті. Бұл туралы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, "оқ-дәрілер жарылуынан өрт кезінде корпус зақымдалуына байланысты" кеме бір орында тұра алмай, оны сүйреу кезінде "дауылды теңіз жағдайында" батып кеткен. Бұған дейін РФ Қорғаныс министрлігі крейсер экипажы аймақта болған флот кемелеріне эвакуацияланғанын хабарлаған.

14 сәуірге қараған түні Ресей қорғаныс министрлігі "Москва" крейсерінде басталған өрт салдарынан оқ-дәрілер жарылғанын хабарлаған. Ведомство экипаж толық эвакуацияланғанын, негізгі зымырандық жабдықтар зақымданбағанын мәлімдеген. Артынша өрт ауыздықталғаннан кейін кеме жүзе алатыны айтылған еді.

Ал Киев крейсерге украиналық екі "Нептун" зымыраны атылғанын хабарлаған.

DW мәліметінше, Ресей Қара теңіз флотының флагманы "Москва" зымырандық крейсері 1979 жылы теңізге жіберілген. Оның қару-жарақтарының арасында радиусы кемінде 700 шақырымға жететін "Вулкан" кешенінің кемеге қарсы 16 зымыраны, "Форт" алысқа ататын кешендері болған.

Forbes мәліметінше, бұл - Ресейдің Украинамен соғысындағы ең қымбат әскери шығыны. "Москва" крейсерінің болжамды құны - 750 миллион доллар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro