Муаммар Каддафидің ұлы Ливияда өтетін президент сайлауына кандидатурасын ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Муаммар Каддафидің ұлы Ливияда өтетін президент сайлауына кандидатурасын ұсынды Саиф әл-Ислам Каддафи. © REUTERS

Ливиялық Джамахирияның бұрынғы лидері Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Ислам Каддафи алда Ливияда өтетін президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы оның өкілі Айман Бурас мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Былтыр желтоқсан айында Каддафи отбасының өкілі Ливияның бұрынғы басшысының ұлы таяуда ел президенті болуға үміткер болғысы келетінін мәлімдеген болатын.

"Саиф әл-Ислам Каддафи алдағы президент сайлауында өзінің үміткерлігін ұсына отырып, билікке емес, елді құтқарып қалуға ұмтылады",  - деді баспасөз-конференциясы барысында Айман Бурас.

Осыған дейін Ұлттық келіссөз Үкіметі Сыртқы істер министрлігі басшысы Ливиядағы президент сайлауының 2018 жылдың ортасында өтетінін мәлімдеген еді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети