Мұғалімі мен көршісі "қазандық атқыштың" қандай адам болғанын айтты

viewings icon 18488 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© tatar-inform.ru © tatar-inform.ru

Қазандағы № 175 мектепте атыс шығарған 19 жастағы Ильназ Галявиевтің сынып жетекшісі РЕН ТВ телеарнасына оның қандай оқушы болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазандағы № 175 мектепте атыс шығарған 19 жастағы Ильназ Галявиевтің сынып жетекшісі РЕН ТВ телеарнасына оның қандай оқушы болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен қатты таңғалдым. Ол сабырлы, жақсы бала еді. Бәрі жақсы болатын. Төрт пен үшке оқитын. Жақсы бала болған, тоғызыншы сыныптан кейін техникумға түсті, бағдарламашы мамандағы бойынша түсті-ау... Шулы ортада көп жүрмейтін. Тыныш жігіт еді", - дейді мұғалімі. 

Ал Галявиевтің көршісі атыс шығарған жігіт "есуастау" болғанын айтады. Ер адамның сөзінше, Галявиев түнде шу шығаратын, адамдардың мазасын қашырып та алатын, ол үшін әкесі келіп кешірім сұраған кездер де болған екен. 

"Әкесіне бірде келіп, қоңырауды басып едім, ох, ..., "мен мас болғанмын, ұйықтауға мұрша бермейсің, мен мас болдым" дейтін, болды", - дейді ер адам. 

Қазан мектебіндегі атыс: жантүршігерлік кадрлар жарияланды

Ер адамның айтуынша, Галявиевтер отбасы ұзақ уақыт сол үйде тұрған, сосын жаңа пәтерге көшіп кеткен. Пәтер әлі де соларға тиесілі. Күдікті ата-анасымен сол пәтерде тұрған, бірақ бұрынғы үйлеріне де жиі келіп тұратын көрінеді. 

Татарстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ирина Волынецтің сөзінше, "қылмыскер жақсы отбасыдан шыққан". Омбудсмен "Соловьев Live" Youtube-арнасында Галиявиевтің ата-анасы оның жоғары оқу орнындағы оқуын және пәтерінің ақысын төлеп беруге шамасы жеткенін айтады. 

Волынецтің айтуынша, қаржы жағынан отбасының жағдайы жақсы, ал жеке қарым-қатынасқа келгенде жағдай мәз болмаған. Галявиев ұзақ уақыттан бері ата-анасымен жиі жанжалдасып жүргендіктен бөлек пәтерге шығып кеткен. 

Еске салайық, 11 мамырда Қазандағы № 175 мектепте атыс болған еді. Оны өзін "құдай" деп атаған 19 жастағы Ильназ Галявиев шығарған. Атыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты, оның ішінде, жеті оқушы мен екі мұғалім. Атыс шығарған жігіт ұсталды. 

"Еден дірілдей бастады". Қазандағы қайғылы оқиға қалай болды?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю