Мұхтар Аблязов. Фото ©Ярослав Радловский
Мұхтар Әблязов пайдалануына тыйым салынған бар мүлкінен айырылуы мүмкін, тіпті ол Қазақстанға экстрадициаланбаған жағдайда да. Бұл туралы ҚР бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркелдің мәлімдемесіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. "Шындығында солай болуы керек. Мұнда құлып салып, пайдалануына тыйым салынған мүлікті қорғау үшін мемлекеттен ақша шығарып не керегі бар?" дейді журналистер сауалына берген жауабында Иоган Меркель. Сұрақ сипаты мынандай болған: "Егер Мұхтар Әблязов Қазақстанға экстрадицияланбаса, ол мұндағы мүлкінен айырылуы мүмкін бе?" Парламент Мәжілісі қабырғасында Иоган Меркель бұрынғы банкирді Отанға қайтару жайындағы пікірімен де бөлісті. "Біз Ресеймен және Украинамен құқықтық қолдау көрсету жөніндегі Минскі конвенциясына сәйкес жұмыс істеп жатырмыз. Ал оны (Мұхтар Әблязовты - автор) Ресей бізге бере алады ма, бұл - бір бөлек мәселе. Егер Франция оған өз келісімін беріп, мақұлдап жатса ғана осындай оң іс-қимылға қол жеткізе аламыз", - дейді Иоган Меркель. Франция соты 2014 жылдың 9 қаңтарында БТА банктің бұрынғы басшысын экстрадициялау туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл үкім ресейлік және украин тарапының экстрадиция бойынша салған сұрауларына байланысты шығарылған. Бір аптадан соң Мұхтар Әблязов соттың бұл қаулысымен келіспейтіндігін білдіріп, екі рет жоғары инстанцияға шағымданған. Сондай-ақ БАҚ беттерінде осыған дейін Қазақстан Мұхтар Аблязовты отанына қайтарып алуға тырысатындығы мәлімделген еді.
Мұхтар Әблязов пайдалануына тыйым салынған бар мүлкінен айырылуы мүмкін, тіпті ол Қазақстанға экстрадициаланбаған жағдайда да. Бұл туралы ҚР бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркелдің мәлімдемесіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.
"Шындығында солай болуы керек. Мұнда құлып салып, пайдалануына тыйым салынған мүлікті қорғау үшін мемлекеттен ақша шығарып не керегі бар?" дейді журналистер сауалына берген жауабында Иоган Меркель. Сұрақ сипаты мынандай болған: "Егер Мұхтар Әблязов Қазақстанға экстрадицияланбаса, ол мұндағы мүлкінен айырылуы мүмкін бе?"
Парламент Мәжілісі қабырғасында Иоган Меркель бұрынғы банкирді Отанға қайтару жайындағы пікірімен де бөлісті. "Біз Ресеймен және Украинамен құқықтық қолдау көрсету жөніндегі Минскі конвенциясына сәйкес жұмыс істеп жатырмыз. Ал оны (Мұхтар Әблязовты - автор) Ресей бізге бере алады ма, бұл - бір бөлек мәселе. Егер Франция оған өз келісімін беріп, мақұлдап жатса ғана осындай оң іс-қимылға қол жеткізе аламыз", - дейді Иоган Меркель.
Франция соты 2014 жылдың 9 қаңтарында БТА банктің бұрынғы басшысын экстрадициялау туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл үкім ресейлік және украин тарапының экстрадиция бойынша салған сұрауларына байланысты шығарылған. Бір аптадан соң Мұхтар Әблязов соттың бұл қаулысымен келіспейтіндігін білдіріп, екі рет жоғары инстанцияға шағымданған.
Сондай-ақ БАҚ беттерінде осыған дейін Қазақстан Мұхтар Аблязовты отанына қайтарып алуға тырысатындығы мәлімделген еді.