01 қыркүйек 2018 | 10:12

Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Қытайға қатысты баж салығын салуы мүмкін деген жаңалық пен Американың көп мөлшерде мұнай шығаруының салдарынан мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр. Бұған сарапшылардың пікірлері мен сауда мәліметтері дәлел бола алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ Қытайға қатысты баж салығын салуы мүмкін деген жаңалық пен Американың көп мөлшерде мұнай шығаруының салдарынан мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр. Бұған сарапшылардың пікірлері мен сауда мәліметтері дәлел бола алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Мәскеу уақыты бойынша, сағат 21.21-дегі жағдайға сәйкес, қараша фьючерстерінде Brent маркалы мұнайдың құны 0,27 пайызға төмендеп, бір баррельдің бағасы 77,81 долларға дейін түсті, қазан фьючерстерінде WTI маркалы мұнайдың құны 0,38 пайызға төмендеді, бір баррельдің бағасы - 70 доллар.

Айта кетейік, Блумберг агенттігі АҚШ-тың қыркүйекте Қытай импортына 200 миллиард доллар көлемінде баж салығын салуға дайындалып жатқанын хабарлаған. Инвесторлардың алаңдаушылығы баж салығы Қытайда шикізаттың, оның ішінде мұнай сұранысының төмендеуіне алып келуімен байланысты.

АҚШ-тың маусымда шығарған мұнайының көлемі күніне 10,674 миллион баррельге жеткен, бұл - рекорд, одан бір ай бұрын 2,2 пайызға төмен болған. Осыған дейінгі рекорд сәуірде орнады, тәулігіне - 10,475 миллион баррель.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети