Мәскеу облысында Ресей Федерациясының әділет министрінің бұрынғы орынбасары Владимир Ялунин жоғалып кетті. Құтқарушылар ол Мәскеу өзенінде қар кешкіш көлікпен жүрген кезінде мұз астына түсіп кеткен болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

70 жастағы Ялунин сенбі, 5 ақпанда кешкі уақытта квадроциклмен шығып кеткен, ал жексенбіде таңертең құтқарушылар Мәскеу өзеніндегі мұз жарылысынан жағалаудан 10 метр қашықтықтан іздер тапты.
ТЖМ мәліметінше, 6 ақпанда сағат 00.15-те Одинцовтегі жедел кезекшіден адам жоғалып кеткені туралы хабар түскен.
"Ялунин В. У. 5 ақпанда шамамен сағат 18.00-де квадроциклмен шіркеу жаққа қарай шығып кеткен. Өзімен бірге телефонын алып кетпеген. Козино аулы маңында Мәскеу өзеніне баратын жолға қарай квадроцикл іздері байқалған. Із бітетін жерде мұз жарылған, оның ауданы квадроциклмен бірдей", - делінген хабарламада.
Оқиға орнына сүңгуірлер шықты, олар өзеннің түбін аралап шығады.
Іздеу жұмыстарына 30 құтқарушы мен тоғыз көлік тартылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!