Мьянмада әскери ұшақ құлады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: twitter.com/Xy5Z89 Фото: twitter.com/Xy5Z89

Мьянма әскери-әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мьянма әскери-әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Әскери ұшақ Мьянмадағы үлкендігі бойынша екінші қала Мандалай маңында құлағаны хабарланды.

Апат салдарынан 12 адам қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы әлі белгісіз. Мьянма Мемлекеттік кеңесі әскери ұшақтың апатқа ұшырағанын растады.

Еске салайық, 2021 жылдың 1 ақпанында Мьянма әскери күштері төтенше жағдай режимін енгізіп, ел президенті Вин Мьин мен мемлекеттік кеңесші Аун Сан Су Чжиді тұтқындаған болатын. Олар мұны қарашада өткен сайлаудағы заңбұзушылықтармен түсіндірді. Қарулы күштер жаңа министрлер кабинетін құрды.

Мьянма генералы төңкеріс себебін түсіндірді

Содан бері Мьянма қалаларында күн сайын әскери билікке қарсы жаппай наразылықтар болды. Мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде медицина қызметкерлерінің 70 пайыздан астамы жұмыс орынынан кетіп, билікке азаматтық бағынбау науқанына қосылды.

АҚШ президенті Джо Байден Мьянма әскери күштерін демократиялық көшбасшылар мен белсенділерді босатуға, сондай-ақ, олар басып алған биліктен бас тартуға шақырды. Вашингтон сауда және инвестициялар туралы келісім аясында Мьянмамен байланысын тоқтатты, сонымен қатар, дипломаттарын елден эвакуациялады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro