Мьянмадағы мұсылмандарға қатты алаңдап отырмыз - Әбдірахманов

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Мьянмадағы мұсылмандарға қатты алаңдаушылық білдіреді. Бұл туралы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Мьянмадағы мұсылмандарға қатты алаңдаушылық білдіреді. Бұл туралы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мьянмадағы жағдайға қатысты айтқым келетіні, біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі ретінде 30 тамызда жабық түрде өткен кеңестерге белсенді түрде қатысты", - деді СІМ басшысы Парламент палатасының біріккен отырысының үзілісінде.

"Біз Мьянмада мұсылмандармен болып жатқан жағдайға алаңдаушылық білдіреміз. Мьянмада исламофобияның жағымсыз үрдісін байқап отырмыз ", - деп айтып өтті Әбдірахманов.

"Осыған байланысты біз үшін ислам ынтымақтастығы сияқты ұйымдардың осы жағдайға барынша белсенді атсалысуы өте маңызды... Біз Мьянма билігін халықаралық құрылымдармен белсенді қызмет етуге шақырдық", - деді министр.

Еске сала кетейік, таяуда Мьянмада (ескі атауы - Бирма) үкіметтік күштер мен рохинджа мұсылмандары арасында бір апта бұрын басталған қақтығыстың салдарынан 400-ден аса адам өлтірілген болатын. Жергілікті биліктің мәліметінше, қақтығыс "рохинджа содырларының" Ракхайн штатында (ескі атауы - Аракан) бірнеше полиция бекетіне және армия казармасына жасаған шабуылынан басталған-мыс. Мьянма әскерінің мәлімдемесінде 25 тамыздан бастап 90 қақтығыс болған, оның барысында 370 "содыр" қаза тапқан. Ал үкіметтік күштердің қатарында 15 адам мерт болған. 

Айта кетейік, рохинджалар - этникалық мұсылман бенгалдар, оларды британ колониялық билігі Араканға XIX және XX ғасырдың басында көшірген. Халқының жалпы саны бір жарым миллион шамасында. Қазіргі уақытта олар Ракхайн штатындағы халықтың басым бөлігі. алайда олардың көпгшілігі Мьянма азаматтары емес.

Мұның алдында Түркия президенті Тайип Ердоған пікір білдіріп, Мьянмадағы оқиғаларды "мұсылмандар зұлматы" деп атаған болатын. Ал өз кезегінде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров бұл қантөгісті бүкіл әлем болып тоқтату қажеттігін айтқан еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro