Мыңдаған ауған қызылшаға байланысты Германияның әуе базасында қалып қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мыңдаған ауған қызылшаға байланысты Германияның әуе базасында қалып қойды ©REUTERS

9 мыңнан аса ауған қызылшаның өршуіне байланысты Германиядағы америкалық базада қалып қойды, АҚШ-қа эвакуациялық рейстер тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

9 мыңнан аса ауған қызылшаның өршуіне байланысты Германиядағы америкалық базада қалып қойды, АҚШ-қа эвакуациялық рейстер тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап. 

Үкімет АҚШ-қа қонған төрт ауғаннан қызылша анықталғаннан кейін рейстерді тоқтатты. Ақ үй өкілі Джен Псаки олар қазір карантинге жатқызылғанын хабарлады.

Осыдан кейін АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы (CDC) 9 мың ауғанстандық орналасқан Рамштайн әуе базасынан барлық басқа рейсті тоқтатты. Сондай-ақ, Рамштайн базасында қызылша тіркелмегені хабарланды. 

Псаки АҚШ-қа кіретін ауғандар қызылшаға қарсы екпе алуы керегін айтты. Рамштайн шенеуніктері эвакуацияланушылар ұшаққа отырмас бұрын Германияда вакцина салдыру мүмкіндігін талқылап жатыр. 

Басылым мәліметінше, тағы 57 ауған босқыны Ұлыбританияға кіргізілмеген. Франкфурт-на-Майне әуежайындағы ұлыбританиялық билік бұл ақпаратты растады және ауғандар британдық аралдарға ұшу үшін кіру талаптарына сай болмағанын мәлімдеді.

"Гуманитарлық себептерге байланысты қазір Франкфурт маңындағы Гиссенде 57 адам бар", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети