Мысыр фараонының ғибадатханасынан құнды зат табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысыр фараонының ғибадатханасынан құнды зат табылды © emaze.com

Бүгін Мысырдағы көне жәдігерлер министрлігіндегілер күтпеген әрі ерекше заттың табылғанын мәлімдеді. Мысырдың жоғарғы жағында орналасқан тарихи Луксор қаласында ежелгі корольдік мазар табылды, - деп жазады inforeactor.ru басылымы MENA ресми ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"Ежелгі мысыр фараоны Тутмос III мазары табылды", - деді Мысырдағы ежелгі құндылықтар департаментінің басшысы Махмұд Афифи.

Алынған мәліметтер бойынша, археологтар мазармен қоса мумияны тауып алған. Ол нашар сақталған екен. Алғашқы зерттеулер табылған табыттың ішінде патшаның малайы жерленгенін көрсетті. Сондай-ақ, бұл қабірдің үшінші кезеңдегі фараондарға қатысы болуы мүмкін екені, яғни, біздің заманымызға дейін шамамен 1000 жыл бұрынғы қабір екені айтылады.

"Біз материалдың барлығын мұқият зерттейтін боламыз", - деді Афифи.

Сондай-ақ, мазардың ішінде көптеген түрлі-түсті әшекей заттар мен ежелгі Мысырдың символы ретіндегі діни мазмұндағы заттар болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети