Мысыр билігі A321 бортының апатқа ұшырауына қатысы бар деген күдікпен Шарм-эш-Шейхте әуежайдың екі қызметкерін ұстады, - деп хабарлайды The Guardian.
Мысыр билігі A321 бортының апатқа ұшырауына қатысы бар деген күдікпен Шарм-эш-Шейхте әуежайдың екі қызметкерін ұстады, - деп хабарлайды The Guardian.
Сонымен қатар, жергілікті шенеуніктердің айтуынша, құқық қорғау органдары 17 адамды жауапқа тартып жатыр. Ақпарат құралдары олардың әуе апаты күні кезекшілікте болғанын хабарлады. РИА Новости әуежай қызметкерлері лаңкестердің көмегімен ұшаққа жарылғыш зат қойды деген күдікпен ұсталғанын жазды.
Дегенмен, НТВ телеарнасының мәліметінше, Мысырдың Сыртқы істер министрлігі әуежай қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Бұған дейін Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников А321 апатына терактінің себеп болғанын мәлімдеген еді. Осы террорлық әрекетке қатысы барлар туралы мәлімет берген адамға 50 миллион доллар сыйақы тағайындалды.
Еске сала кетейік, әуе апаты 2015 жылдың 31 қазанында таңғы уақытта болды. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен экипаждың 7 мүшесі болған. Болжам бойынша, апаттан тірі қалғандар жоқ.