Мысырда акула туристің қолы мен аяғын тістеп алды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырда акула туристің қолы мен аяғын тістеп алды Фото: elements.envato.com

Мысырдың Хургада курортында акула австриялық туристке шабуыл жасады. Бұл туралы 1 шілдеде Ресейдің Хургададағы бас консулдығы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырдың Хургада курортында акула австриялық туристке шабуыл жасады. Бұл туралы 1 шілдеде Ресейдің Хургададағы бас консулдығы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Оқиға Сахл Хашиш ауданында болғаны хабарланды.

"Сахл Хашиш аймағында акула оның қолы мен аяғын тістеп алды", - дейді ведомство өкілдері.

Куәгерлер түсірген кадрларда жәбірленуші жағалауға қалай жүзуге талпынып жатқанын көруге болады. Ал айналасындағы су қызғылт түске боялған.  

Турист ауруханаға жеткізілді. Кейінірек агенттіктің дереккөзі әйел жарақаттан қайтыс болғанын хабарлады.

Болған жағдайға байланысты Сахл Хашиш ауданынан Макади Бей шығанағына дейін үш күн бойы шомылуға, дайвингке, балық аулауға және снорклингке тыйым салынды.

РЕН ТВ мәліметінше, аты аталмаған медициналық дереккөзге сенсек, Австрияның қайтыс болған азаматы 68 жаста болған. Ол мысырлыққа тұрмысқа шығып, онымен бірге осы елде тұрған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети