02 қараша 2015 | 09:39

Мысырда әуе апатынан қаза тапқандардың денелері Санкт-Петербургке жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырда әуе апатынан қаза тапқандардың денелері Санкт-Петербургке жіберілді. Бұл туралы Ресейдің ТЖМ сайтында хабарланды. Ведомство басшысының орынбасары Владимир Степановтың айтуынша, қаза болғандардың денесі Пулково әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 05.00-де келіп жетті.


Иконка комментария блок соц сети

Мысырда әуе апатынан қаза тапқандардың денелері Санкт-Петербургке жіберілді. Бұл туралы Ресейдің ТЖМ сайтында хабарланды. Ведомство басшысының орынбасары Владимир Степановтың айтуынша, қаза болғандардың денесі Пулково әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 05.00-де келіп жетті.

Ведомство ұшаққа жүктің штатты режимде тиелгенін хабарлады. "2 қарашадан бастап тұлғаларды анықтау жұмыстары басталады", - деді Ресей ТЖМ өкілі Алексей Смирнов. Ол қаза тапқандардың туыстарының жанында үнемі психологтардың жүргенін айтты.

Сонымен қатар, Ресей ТЖМ денелерді тасымалдау мен жеткізуді бақылауға алғанын хабарлады. Еске сала кетейік, оқиға 2015 жылдың 31 қазанында таңғы уақытта болды. Осыған дейін ұшақтың ұшқаннан кейін ұшқыштың диспетчермен байланысып, техникалық ақаулардың шыққанын хабарлағаны белгілі еді. Ұшқыш Каирде қонуға рұқсат сұраған. Мұнымен бірге, экипаж қозғалтқыштағы ақауларды бірнеше мәрте айтқан. Бортта 217 адам болған. Барлығы қаза тапты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети