Мысырда баланы құтқармақ болған 11 адам суға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырда баланы құтқармақ болған 11 адам суға кетті Сурет: pixabay.com

Коронавируспен күрес шаралары аясында жабылған Мысырдың жағалауда он бір адам суға кетті. Бұл туралы Akhbar el-Youm порталы жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавируспен күрес шаралары аясында жабылған Мысырдың жағалауда он бір адам суға кетті. Бұл туралы Akhbar el-Youm порталы жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға Александрия жағалауында болған. Жергілікті тұрғындар бұл жерді "өлім жағалауы" деп атайды, себебі соңғы уақытта адамның суға батып қайтыс болған оқиғалары жиілеп кеткен. Ақпарат бойынша, он адам батып бара жатқан баланы құтқарамын деп, бір мезетте өздері суға кеткен.

Қайғылы оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 05.20-да болды. "Адамдар патрульдің көзіне түспеу үшін осы уақытта суға шомылуға шешім қабылдаған, өйткені биліктің нұсқауы бойынша, бұл жерде тәулік бойы шомылуға тыйым салынады", - деп хабарлайды басылым.

Айта кетейік, Мысырдың барлық жағажайы, қонақ үй аумағында орналасқандардан басқа, наурыздан бастап коронавирус пандемиясына байланысты жабылған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети